16 желтоқсанда Қазақстан халқы үшін басты ұлттық мереке-Тәуелсіздік Күні атап өтіледі. 1991 жылы Тәуелсіздік және мемлекеттік егемендік туралы заң қабылдап, біздің еліміз қалыптасу жолынан өтіп, қысқа уақыт ішінде бүкіл Орталық Азия өңірінің көшбасшысы болды. 14 желтоқсанда "СҚО әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасы БҚА" КММ-де ҚР Тәуелсіздік күніне арналған "Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұралы" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты Тәуелсіз Қазақстан, елдің экономика, саяси құрылыс, сыртқы саясат саласындағы жетістіктері туралы білімдерін тереңдету, дөңгелек үстелге қатысушылардың бойында азаматтық жауапкершілік сезімін, өз елі алдындағы азаматтық борышын, Отан мүддесіне қызмет етуге дайындығы мен қабілетін қалыптастыру болды. Дөңгелек үстел барысында қазақстандық мемлекеттілік тарихының өзекті мәселелері, тәуелсіздік жағдайындағы елдің даму стратегиясы талқыланды.